freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды

Қоғам
Журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедияров Оралда ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналист Лұқпан Ахмедияров Орал қаласында көлігіне міндетті сақтандыру полисінің болмауына байланысты тоқтатылғаны белгілі болды. Осыдан кейін ол медициналық куәландырудан өтуге жіберілгені туралы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Ulysmedia.kz басылымына мәлім еткен.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 22 маусым күні патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында Volkswagen автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік иесі болып табылмайтын жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі жоқ екені анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін азамат Ахмедияров әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жүргізушінің сыртқы белгілері полиция қызметкерлерінде күдік туғызғандықтан, ол медициналық куәландырудан өтуге жіберілді, – деп хабарлады департамент редакцияға.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу