Украина президенті Владимир Зеленский 157 украиналық елге оралғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың басым бөлігі 2022 жылы тұтқынға түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
Ресей Қорғаныс министрлігі де алмасу болғанын растады. Ведомство мәліметінше, Украина тұтқынынан босатылған 157 ресейлік қазір Беларусь аумағында орналасқан.
Киев пен Мәскеу арасындағы соңғы тұтқын алмасу 2025 жылдың қазан айында өткен. Ал жаңа алмасу туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф бір күн бұрын хабарлаған. Оның сөзінше, бұл келісім Абу-Дабиде өткен келіссөздер барысында жасалған.
Бұған дейін Ресей мен Украина 185 тұтқын сарбазымен қазан айында алмасқан еді.