2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейдің әскери шығындары 5,9 трлн рубльге жетіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұл 2025 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға көп. Мұндай есепті неміс экономисі Янис Клюге жариялады.
Сарапшының мәліметінше, шығындардың өсуіне негізінен құпия баптар бойынша қаржыландырудың артуы әсер еткен. Бір жыл ішінде жасырын шығындар 3,4 трлн рубльден 4,9 трлн рубльге дейін көбейген. Ресейдің 2026 жылғы федералдық бюджеті туралы заңға сәйкес, мұндай шығындардың шамамен 85%-ы әскери мақсаттарға бағытталады.
Жалпы алғанда, алғашқы тоқсандағы федералдық бюджет шығыстары 12,8 трлн рубльді құраған. Оның 38,2%-ы құпия баптарға тиесілі болған.
Нәтижесінде әскери шығындар Ресейдің болжамды жылдық ЖІӨ-сінің 2,5%-ына және қаңтар-наурыз айларындағы номиналды ЖІӨ-нің шамамен 12%-ына тең болды.
Клюгенің пікірінше, егер алғашқы тоқсандағы қарқын жыл соңына дейін сақталса, 2026 жылы Ресейдің әскери шығындары жалпы ішкі өнімнің 9-10%-ына жетуі мүмкін.