freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің Украинаға кезекті шабуылы: 10 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланды

Әлем
Ресейдің Украинаға кезекті шабуылы: 10 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланды
Фото: Oleksandr Magula/AFP/Getty Images

21 маусымға қараған түні Ресей әскері Украинаның бірнеше өңіріне жаппай әуе соққыларын жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Шабуылдар салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Украина Президенті Владимир Зеленский мәліметінше, Запорожье қаласына жасалған басқарылатын авиациялық бомбалар (КАБ) шабуылы кезінде 26 адам жараланған.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандардың бесеуі Запорожье облысында болған.

Полтава облысында тағы екі адам көз жұмып, 14 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында алты бала бар. Жергілікті биліктің мәліметінше, соққы екі кәсіпорынға бағытталған, соның салдарынан маңайдағы тұрғын үйлер де зақымданған.

Полтава қалалық кеңесінің хатшысы Катерина Ямщикова 21 маусым Полтава қауымдастығында қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу