freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейлік билікмаңы медиа Telegram иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Әлем
Ресейлік билікмаңы медиа Telegram иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
© Telegram

Ресейде Telegram мессенджерінің иесі Павел Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы TVRain басылымы жазыпты.

TVRain жазуы бойынша, Павел Дуровтың үстінен іс қозғалғаны туралы материалдар Кремльдің ықпалындағы «Комсомольская правда» және «Российская газета» басылымдарында бір уақытта жарық көрген. Ол материалдар Федерациялық Қауіпсіздік Қызметінің құжаттары бойынша жазылған екен. Ол құжаттар бойынша, Павел Дуровқа террористік әрекеттерге қолғабыс қылу деген айып тағылыпты.

Сол материалдарда Telegram-ға NATO мен Киевтің басты құралы деген баға берілген екен. Сонымен бірге Telegram жүйесі соғыс кезінде арнайы қызметтер координаталар мен басқа да мәліметтерді ала алатын телеграм-боттар ашуға мүмкіндік берді дейді. 2022 жылдан бері Telegram арқылы жасалған қылмыс саны 153 мыңға жетті деген де ақпарат беріліпті, оның 33 мыңы — лаңкестік-диверсиялық және экстремистік бағытта делініпті.

Бұған қоса, 10 ақпанда шектеу қойылғаннан бастап, Telegram мүмкіндіктері 55% шектелді деген мәлімет те келтірілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу