Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

Қоғам
Ресейлік мамандар Нүкенованы «ескі жарақаты салдарынан көз жұмды» деп қорытындылады

Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысында оның адвокаттары ресейлік сот-медициналық мамандарының Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты шығарған шешімін оқыды. Онда марқұмның ескі гематоманың салдарынан көз жұмғаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы «Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің» ресейлік сот-медициналық мамандарының қорытындысын баяндады.

Олар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған. 

Сот Бишімбаевтың адвокаттардың өтініші бойынша шешім қабылдау үшін үзіліс жасап, кеңесу бөлмесіне кетті. 

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу