freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Республикалық физика-математика мектептеріне грант бөлуге қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Қоғам
Республикалық физика-математика мектептеріне грант бөлуге қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Фото: magnific.com

Оқу-ағарту министрлігі Республикалық физика-математика мектептері филиалдарындағы білім беру гранттарын бөлу конкурсына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің хабарлауынша, мектеп филиалдарына қабылдау білім беру ұйымының жарғысына сәйкес ашық конкурс негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, «Білім туралы» заңға сәйкес ата-аналар мен заңды өкілдер баланың қалауын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу орнын және оқу тілін таңдауға құқылы. Осыған байланысты үміткерлер конкурсқа тіркелу кезінде оқу тілін өздері анықтайды.

Білім беру гранттарының саны мектеп филиалдарының сыныптарды жасақтау мүмкіндігіне қарай белгіленеді.

Министрлік конкурстық іріктеу кезінде барлық қатысушыға бірдей талап қойылғанын мәлімдеді. Емтихан тапсырмалары бірыңғай тақырыптық бағыт пен күрделілік деңгейі негізінде бірнеше нұсқада әзірленген.

Сондай-ақ шекті өту балы алдын ала бекітілмейтіні айтылды. Ол қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін қатысушылардың нәтижелері мен жалпы конкурстық көрсеткіштерге сәйкес анықталады.

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі конкурстың ашықтығы мен объективтілігіне қатысты келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды талдап жатыр. Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, қосымша сараптамалық тексерулер жүргізіледі.

Министрлік талдау қорытындылары мен қабылданған шешімдер бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу