Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым ұзартылады

Қоғам
Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым ұзартылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі рөлі оң жағында орналасқан көліктерді Қазақстанға әкелуге салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзартпақ, деп хабарлайды Malim.kz. 

Құжат 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қаңтар айында рөлі оң жағында орналасқан жеңіл көліктерді елге әкелуге тыйым салынған болатын.

Шектеулерге мына талаптар кіреді:

  • екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт дөңгелекті жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелек үшін қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
  • Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.

Фото: exclusive.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу