Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Облыс полициясы департаментінің мәлімдеуінше, қылмыстық топ жұртты бопсалаумен Рудный қаласының аумағында айналысқан.
Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен адамдар тобы автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон және ақша қаражатын бопсалағаны туралы ақпарат алынды. Осылайша олар жалпы құны 12 млн теңге материалдық шығын келтірді, деп жазылған полицияның ресми хабарламасында.
Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Фото: скриншот