freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Руслан Өскенәлі Оңтүстік Жезқазған кенішінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Қоғам
Руслан Өскенәлі Оңтүстік Жезқазған кенішінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Оңтүстік Жезқазған кенішіне барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен өзекті мәселелерді ашық талқылау және шешім шығару үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тікелей диалог барысында Руслан Өскенәлі жұмыскерлердің пікірін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер кешенін жан-жақты қарастырды. Еңбек ұжымының өкілдері жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың қатарында – материалдық-техникалық базаны жаңғырту қажеттілігі, тау-кен техникасы мен жабдығының тозуы, еңбек жағдайы және тұрмыстық инфрақұрылым мәселесі, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті одан әрі күшейту қажеттігі айтылды.

Руслан Өскенәлі жұмыскерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, қызметтік тексеру жүргізу кезеңінде Басқарма төрағасы орынбасарының лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілетінін хабарлады.

Басқарма төрағасы көтерілген мәселелердің басым бөлігі ұзақ жылдар бойы жинақталып келгенін және оларды шешу кешенді және жүйелі жұмысты талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, компанияның жаңа басшылығы меншік иесінің қолдауымен өндірістік активтерді жаңғырту, жабдықты жаңарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда.

Кездесу барысында айтылған барлық өтініштер мен ұсыныстар назарға алынып, Басқарма төрағасының өз бақылауына өтті. Сондай-ақ Руслан Өскенәлі еңбек ұжымы көтерген мәселелерді толық зерттеп шыққанға дейін осы жерде болатынын айтты.

Сонымен қатар компания өндірістік дамуға да, өзіне қатысы бар өңірлердің әлеуметтік саласына да инвестиция тарту көлемін тұрақты түрде ұлғайтып отырғаны атап өтілді. Қазіргі кезде жалпы инвестиция көлемі 32 млрд теңгені құрайтын Жезқазған және Сәтбаев қалаларын дамытуға арналған кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртуды қамтиды.

Минералдық-шикізат қорын дамытуға бағытталған инвестиция көлемі айтарлықтай ұлғайтылды. Егер бұрын Жезқазған кен орнындағы геологиялық барлау жұмысына жыл сайын шамамен 5 млн АҚШ доллары бөлінсе, бүгінде бұл көрсеткіш 40 млн АҚШ долларына дейін жетті.

Сондай-ақ ірі экологиялық жобаларды пысықтау жұмысы жалғасуда. Атап айтқанда, Жезқазған мыс балқыту зауытында күкірт қышқылы цехын салу жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жоба өндірістің қоршаған ортаға әсерін одан әрі төмендетудегі маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Компания басшылығы еңбекақы төлеу мәселесіне қатысты жұмыскерлердің әл-ауқатын кезең-кезеңімен арттыру бағытын ұстанатынын растады. Бұл бағыттағы барлық шешімдер кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, өндірістік инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуы және еңбек ұжымының ұзақ мерзімді мүдделері ескеріле отырып қабылданатын болды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымымен ашық диалог жүргізу және кәсіпорын жұмыскерлерімен тікелей өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастырады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Жезқазған кеніші штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік үдеріс бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу