Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рыбакина не үшін бапкерімен байланысын үзгенін айтты

Спорт
Рыбакина не үшін бапкерімен байланысын үзгенін айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бапкері болған хорватиялық маман Стефано Вуковпен неліктен байланысын үзгені туралы айтты.


АҚШ ашық чемпионатында аустралиялық Дестани Айаваны жеңгеннен кейін баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші журналистер сұрағына жауап берді.

«Әрине, қазір бәрі басқаша. Біз онымен (Стефано Вуковпен) бірге 5 жыл жұмыс істедік. Бұл жолы мені Юрий Щукин қолдады. Біз тактика, бәрін талқылап, матчқа дайын болдық. US Open алдындағы маңызды шешім дейсіз бе? Мен бұл туралы көп айтқым келмейді. Қош айтысу туралы бұл – біздің шешіміміз. Менің бапкеріме байланысты жағдай өзгеретін болса, хабар беремін», - деді Рыбакина.

Еленаны қазіргі кезде уақытша қазақстандық маман Юрий Щукин жаттықтыруда. Ол Д.Айавамен ойын кезінде мінбеде отырды.

Рыбакина екінші айналымда әлемнің 143-ракеткасы, 27 жастағы франциялық Джессика Поншемен кездеседі.

Фото: persono.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу