Журналист Ләйлә Сұлтанқызы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жол бойындағы асханадан самса алуға тоқтап, боксшы Сәкен Бибосыновты кездестіріп қалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«550 теңге тұрады екен. Мақтааралда самса алып жатсам, Сәкен отыр», - дейді ол видеода.
Журналист боксшының қасына жайғасып, әңгімеге тартқан.
«Шымкент тамағы жағынан, басқа жағынан да алда ғой. Осы жолдан өткен сайын самса жеп кетеміз», - дейді Сәкен.
Ол қарапайым отбасынан шыққанын, қыз бала болмағандықтан үйдің тірліктерін өзі істегенін айтып берді.
«Үйде үш ұлмыз. Ыдыс жуу, анама көмектесу, үй тазалау менің мойнымда болды», - дейді боксшы.
Ләйлә Сұлтанқызы әңгіме арасында одан чемпиондар қалай тамақтанатынын сұрады.
Ақуыз көп жеп, көмірсуды азайту керек. Кейде мән бермей, салмақ қосып аламыз. Сағат кешкі 6-дан кейін тамақ ішпеу керек. Сағат 10-да тойып алсаң, тамағың қорытылмай, салмақ қосыла береді. Не тамақ дайындау керек екенін келіншегім біледі. Уақытында дайындап отырады. Жарысқа 1-1,5 ай қалғанда тамақты дұрыстаймыз. Салмақ түсіру керек болады, - деп түйіндеді Сәкен Бибосынов.
Фото: видеодан скриншот