Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сарбазды соққыға жыққан күдіктілер Астанада ұсталды

Құқық
Сарбазды соққыға жыққан күдіктілер Астанада ұсталды

Күні кеше президент ішкі істер министріне оларды ұстап, жауапқа тартуды тапсырған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін екі күдікті Астана қаласында ұсталды. Олар сарбаздың бұрынғы қызметтестері болып шықты.

Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға берілетін болады.

Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасуда, - деп хабарлады полицейлер. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пойызда сарбазды ұрғандарды жауапқа тартуды тапсырған еді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу