freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сарыағашта екпеден кейін 8 айлық сәби шетінеді

Оқиға
Сарыағашта екпеден кейін 8 айлық сәби шетінеді
Фото: freepik.com

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында пневмонияға қарсы екпе алған сегіз айлық сәби шетінеген, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке қарағанда, қайғылы жағдай 23 қаңтарда болған. Қазір марқұм баланың ата-анасы сұхбат беріп, әділдік талап етіп жүр.

Баланың анасы Майра Жұмашеваның айтуынша, сол күні ол сегіз айлық ұлын екпе салдыруға апарған. Вакцина алғаннан кейін олар үйіне қайтқан. Алайда жарты сағат өтпей сәби құсып, денесі терлей бастаған.

Ата-анасы баланы шұғыл түрде Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізгенімен, дәрігерлер бірден қабылдамаған.

Уақыт өте келе баланың жағдайы күрт нашарлап, ол жансақтау бөліміне түскен. Дегенмен, сәби сол жерде көз жұмған.

«Үйге келген соң балам құсып, суық тер басты. Әлі құрып кетті. Дәрігерлер “вакцинаның уақыты өтіп кеткен болуы мүмкін, мұндай жағдай мыңнан бір кездеседі” деді. Сонда менің балама мерзімі өткен екпе салынған ба?» – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілген.

Іс материалдары медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетіне жолданып, қосымша зерттелген.

Сонымен қатар, қазір бұл жағдай облыстық полиция департаментінің қарауында, тергеу амалдары басталған. Тергеу нәтижесі шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу