Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Оқиға
Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Алматы облысы Саты ауылында зираттарды қиратқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Көлсайдың түбіндегі Саты ауылын соқыр сенім кезіп жүр. Осы ауылдың бір жігіті "дінімізге қайшы" деген желеумен зиратты талқандап тастапты. Өлген адамдардың құлыптастарын қиратып, жан-жаққа лақтырып кеткен. Жақындарының қабірі қорланғанын көрген аядай ғана ауыл тұрғындары ашулы. Осындай әсіредіншілердің кесірінен ел арасына іріткі түседі. Бір есерсоқ бүтін бір ауылдың берекесін қашырады. Бір құмалақ бір қарын майді шірітеді", - деп жазды ол.

Алматы облысы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған, күдіктінің салафизмнің діни ағымына қатысы бары туралы ақпарат алдын ала тексеріс барысында расталмады. Тергеу аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасаудан және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Фото: Видеодан алынған кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу