Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сатылған көліктер қосалқы бөлшек деген желеуімен елге әкелінген

Сұқбат
Сатылған көліктер қосалқы бөлшек деген желеуімен елге әкелінген

ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын  мәселелерге талдау жүргізуде. Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды.  Олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

Заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысына сәйкес Қазақстанда 27 мыңға жуық көлік тіркелген. Тағы 65 мыңнан аса автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілген.

ІІМ хабарламасында «Заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған. Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған.      

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу