freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сахнада балағат сөз айтқан рэпер Nurik Smit жауапқа тартылды

Құқық
Сахнада балағат сөз айтқан рэпер Nurik Smit жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіден

Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков сахнада балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Видеодан әншінің өнер көрсету кезінде әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық орындардағы тәртіп талаптарын бұзғаны байқалады.

Ал Алматы қалалық полициясы жариялаған видеодан кісенделген әншінің полиция бөлімшесіне жеткізілгенін көруге болады.

Құқық қорғау органдары бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп бағалады. Сот шешімімен Нұрғиса Әнуарбековке 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңгеайыппұл салынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу