Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шахта үйіндісінен екі адамның денесі табылды

Сұқбат
Шахта үйіндісінен екі адамның денесі табылды

Ақмола облысы   Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды.  Олардың мәйіті үйінді астынан шыққан.  Бұл туралы  Polisia.kz басылымы жазды.   

Степногорск қаласының полициясына кен үйінділері астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама 15 қаңтарда түскен.  

Осы іске қатысты материалдарды жинау барысында қаза тапқандардың мәліметтері  анықталған. Олардың бірі - 1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны. Ол бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екінші көз жұмған  болған адам - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны.

Куәгердің, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген адамның айтуынша, олардың денелері үйілген кен астынан табылған. Ал содан кейін басқалардың көмегімен жер бетіне шығарылған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу