Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде мұғалімді шырша құруға жұмсаған шенеуніктерге шара қолданылды

Құқық
Семейде мұғалімді шырша құруға жұмсаған шенеуніктерге шара қолданылды

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.  


Абай облыстық Білім басқармасының Massaget.kz-ке берген жауабына сүйенсек, тексеріс нәтижесінде Семей қаласының үш мектебінен мұғалімдер жаңа жылдық шыршаны безендіру жұмысына тартылған. Олардың қатарында №49 мектептің мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған.

"Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша үш мектеп директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе ерекше бақылауда", - деп жазылған ведомствоның жауабында.

Айта кетейік, бұл жағдай "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы, өйткені педагогтерді өз міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.

21 желтоқсанда Семей қаласында Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Шенеунік бұл әрекетті "заңбұзушылық" деп атап, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұғалім жансақтау бөлімінде емес, палатада жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.  

Фото: Gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу