Абай облысының Семей қаласындағы Восточный кентінде екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ алаңы арқылы 3 адамды құтқарып, 12 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Сонымен қатар өрт шыққан пәтерден бір газ баллоны сыртқа шығарылды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.