Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейлік мұғалім әнші Дуа Липаның жаңа альбомына музыка жазды

Мәдениет
Семейлік мұғалім әнші Дуа Липаның жаңа альбомына музыка жазды

Қазақстандық ауыл мұғалімі Ерқанат Ерғазыұлы әнші Дуа Липаның жаңа альбомына музыка жазды, деп хабарлайды Hola News.

«Ерқанат Ерғазыұлы Абай облысындағы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Сондай-ақ өнер адамдарына аранжировка жазумен айналысады. Музыкант Say Mo, BikaBreezy, Delacure, Rick сынды қазақстандық әншілермен де жұмыс істеген. Қаңтар айында Ерқанат танымал бразилиялық әншінің Mil Vezes (Anitta ft. Melody) әніне ремикс жазған. Ремикс ресми  түрде әншінің арнасына шықты», - делінген медианың жазбасында.

Сонымен қатар, желтоқсан айында америкалық рэперлер Lil Tjay&Fivio Foreign-Last Christmas бейнебаяны жарық көрді, онда Ерқанат beat-тің бірлескен продюсері болды.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы Павлодар облысы  Ақсу қаласының теміржолшысы Иманбек Зейкенов «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған болатын.


ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу