Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Қоғам
Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша ашық сот отырысында судья айыпталушылардан кінәні мойындайтын-мойындамайтындарын сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Судья Ержан Жанұзақов сотталушылардан айыптау актісіндегі мәліметтердің түсінікті екенін және кінәні мойындайтын-мойындамайтынын сұрады:

  • Абзал Шынасыл – бұзақылық бабымен кінәсін ішінара мойындады, "Адам өлтіру" бабымен кінәсін мойындамады;
  • Равиль Сакиев – кінәсін толық мойындамады;
  • Шыңғыс Белғожаев – кінәсін мойындады, алайда істегі сәйкессіздіктер барын айтты;
  • Азамат Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындады, "оқиға орнында болдым, бірақ қолымда пышақ болған жоқ.
  • Телефонды алғаным рас, бірақ ұрлау мақсатында емес", – деді;
  • Дархан Әскентай – кінәсін мойындамады;
  • Нұркияс Ілиясов – кінәсін мойындамады;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындады;
  • Дидар Қалиахмет – кінәсін толық мойындамады;
  • Думан Ысқақ – кінәсін толық мойындамады.

Судья сот отырысының тәртібін белгіледі:

-алдымен жәбірленушілерден жауап алынады,

- содан кейін куәлар,

- кейін сотталушылар тыңдалады.

Келесі сот отырысы 18 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу