Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды

Қоғам
Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды

Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысында сотталушылардың ата-аналары шу шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотталушылардың жақындары сотталушылардың видеосы TikTok желісінде тарап кеткенін айтып, наразылық білдірді. 

Біз балаларымызды түсірмеңдер деп өтініш жасаған едік. Бірақ оларды түсіріп желіге салып жіберген. Олардың қатарында кәмелетке толмаған куәгер де бар, - дейді сотталушы  Нұрқияс Ілиясовтың әкесі.

Сот барысында видеоны кім түсіріп, кім таратқанына қатысты қарама-қайшылықтар туындады.

 Адвокаттардың бірі сот отырысында оның мобилографы жұмыс істегенін айтты, алайда дәл осы бейнероликтің оның көмекшісі тарапынан түсірілмегенін мәлімдеді.

Судья Ержан Жанұзақов бейнероликтің таралу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

Фото: Stan.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу