Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Қоғам
Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Бүгін Талғардағы жаппай төбелес кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінгі сот отырысында басты күдіктілер Абзал Шынасыл мен Дидар Қалиахметтен жауап алынды. Бұған дейін басты күдікті ретінде танылған Абзал Шынасыл осыған дейін берген жауаптарынан бас тартып, Шерзатқа пышақ сұқпағанын айтты.

Сондай-ақ сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды. Сараптама Талғар аудандық орталық ауруханасының мәйітханасында жасалған.

«Мәйіттің бойы шамамен 170–175 см, арық денелі. Көздері жартылай жабық. Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары мен көгерген іздер байқалған. Үстіңгі ернінде де қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында жарақат, ал оң қолдың білек тұсында 2 см жарақат бар. Мәйіттің сол жақ қабырға тұсында 2,5 см өткір затпен салынған, сұғылмалы-кесілмелі жарақат анықталған. Мәйітті тексеру барысында басқа айқын жарақаттар табылмады», – деді прокурор.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу