Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шетелдік нөмірмен қашанға дейін жүруге болады?

Сұқбат
Шетелдік нөмірмен қашанға дейін жүруге болады?

Өтінімді уақытылы берген, бірақ автокөліктерін заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік берілді. 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылған. Сонымен қатар қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер де 22 мамырдан бастап заңдастыруға рұқсат беріліп 15 мыңға жуық автоконструктор заңдастырудан өтті, - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге – Ресей, Армения, Қырғызстанға тиесілі.

Ал экономикалық одақ елдерінде тіркеуден шығарылмаған көлік иелеріне 17 шілдеден бастап арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойғызу керек. «Уақытша есепке қою шарасы біткенше ешкімге тиіспейміз. Уақытша есепке алу тіркеуі біткеннен кейін шаралар қабылдай бастаймыз», - деді ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында комитет төрағасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу