«12 жыл түсірілді»: «Қажымұқан» фильмінің режиссері кәсіпкерлерден көмек сұрады

Қанағат Мұстафин фильмнің бір аптада 10 мың рет қаралғанына қынжылған

Сабина Асқарқызы

  • 17.10.2024

«Қажымұқан» фильмінің режиссері Қанағат Мұстафин кәсіпкерлерден көмек сұрап, барша қазақстандықтарды жаңа фильмін көруге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Құрметті достар, қазіргі таңда кинотеатрларда менің Қажымұқан атты кином прокатта жүріп жатыр. Өкінішке орай, жарнамасы өте асығыс түрде жасалды, оған неше түрлі себептер болған. Ең бастысы жарнамаға қаражатым болмады, барлығы киноны бітіруге кетті. Пәтерімді кепілдікке қойдым. Өздеріңіз білесіздер, кинотеатрларда әр киноның уақыты шектеулі, әрі кетсе 2-3 апта. Қазір бірінші апта өтті, бар болғаны 10 мың қазақ көріпті. Ниетім барлық қазақтар көрсе екен деген болатын!", - деп жазды Қанағат Мұстафин.

Режиссер «Қажымұқан» фильмін түсіру оңай соқпағанын және түсірілім 12 жылға созылғанын айтты.

"Өтінішпен жазып отырмын, қалталы азамат достарым болса, өздерің оқыған мектептеріңнің оқушыларын, мұғалім достарым болса, студенттеріңді апарсаңыздар! Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады деген бар ғой! Қажекеңнің өмірі қандай ауыр болса, мен үшін де бұл жобам өте ауыр болды, барлық жағынан. Қолға алған 12 жылда неше түрлі алаяқтарды, популисттердің бәрін кездестірдім. Соңғы жылдары ғана ниеті түзу, жаны қазақ азаматтар кездесіп жоба мәресіне жетті! Қазіргі таңда кинода! Қолдап, репост жасап, жастарды жұмылдырып киноға апарсаңдар, достар! Бабамыздың рухы риза болар еді деп ойлаймын! Қажекеңдей аңыз адам өмірде болғанын әр қазақ, әсіресе, жастар білуі керек!", - деп жазды Қанағат Мұстафин.