«Әкеммен көп сөйлеспеймін»: Жұлдызай Дүйсенбиева балалық шағын еске алып жылап қалды

Жұлдызай Дүйсенбиева үйінде ұл бала сияқты өскенін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

Танымал актриса, «Шаншар» театрының мүшесі болған Жұлдызай Дүйсенбиева отбасында ұл баланың болмағаны әкесіне қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Актриса «Хабар» арнасында журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында балалық шағын еске алып отырып, көз жасына ерік берді.

Отбасымызда ұл жоқ. Ең алғашқы екі ұл бірінен кейін бірі шетінеп кеткен соң, кез келген ер азаматта «әттеген-ай, ұлым болса ғой» деген ой бар шығар деп тон піштім. Әкем солай айтпасын деп мен еркек сияқты өстім. Мен атқа міндім, әкемнің мотоциклін айдадым, садақ аттым, лампа жөндеуге тырыстым. Ұл болуға тырыстым. Мен даланың адамы болып кеттім. Бірақ «қыз, қыз, қыз» деген нәрсе менің ішімде тұратын.

Шын мәнінде әкеммен көп сөйлеспеймін. Сөйлессем жылап қаламын. Әкем хабарласып, «қызым, қалайсың?» десе, тамағыма өксік тығылып қалады. «Жақсы» деген сөзді ғана айта аламын. Үйде кішкентай қызым «атаммен неге сөйлеспейсің» дейді. Көрсем жылап қаламын. Білмеймін, неге екенін, тіпті аяғым ауыр кезде әкеме көрінген жоқпын, ұялдым. Босанып болып, қызымды қолыма алғанша әкеме барған жоқпын.

Әкеме көп нәрсе айтқым келетін шығар, бірақ айта алмаймын, неге екенін білмеймін, дейді актриса.

Дүйсенбиева отбасында төртінші қыз дүниеге келгенде әкесінің айтқан сөздерін есіне алды.

Отбасымызда төртінші қыз дүниеге келгенде әкемнің таңертең терезеге қарап тұрғанын көрдім. Сол кезде тағы да қыз туыпты ғой деп ойладым. Содан орнымнан тұрып, жуынатын бөлмеге барып, есігін жауып алып, қатты жыладым. Әкем келіп не болғанын сұрады. «Сен қыз туғаны үшін мамама ренжіп тұрсың, сен неге ренжисің, бізден не жамандық көрдің?» деп жылап тұрып сұрадым, деп қосты ол.

Дегенмен шын мәнінде жағдайдың бөлек болғанын ол кейіндеу ғана білген.

Перзентханаға анама тамақ апарғанда, ол жақта бір отбасына қыз бала керек болып, әкеме сәбиді ауыстырып алу туралы ұсыныс жасапты, алайда әкем үзілді-кесілді бас тартқан.

«Далаға тастайтын қызым жоқ. Ұлың керек емес болса, маған бер, бірге алып кетейін. Қызымның не жеп, не ішіп, қандай өмір сүріп жатқанына алаңдап отыратын жайым жоқ» депті. Сол кезде әкемді қатты жақсы көріп кеттім, дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

10.04.2025
MalimBlocks
Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

Ол мұны жасырмайтынын айтты.