«Ән арқылы түсінесіздер». Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады

Өнер иелері көптің көкейінде жүрген сұраққа ән арқылы жауап бермек.

Сабина Асқарқызы

  • 31.05.2024

Әнші, актер Нұрлан Әлімжанов өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаевамен арасындағы қарым-қатынас туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Көпшіліктің алдына мерекелік іс-шараларда шығып жүрген Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваны "жұп" болса екен деп тілек айтып жатады. Оған өнер иелерінің үнемі бірге жүруі және бір-біріне көрсеткен қамқорлықтары себеп болған. "1001 түн" бағдарламасында Нұрлан Әлімжанов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді.

Алдағы уақытта YouTube парақшамызда бірлескен жобамыз жарық көреді. Екеуміздің арамыздағы байланысты ән арқылы, бейнебаян арқылы, болашақта түсірілетін кино арқылы түсінесіздер. Бізде қазір үлкен жоба басталды. Бұл той үшін жаза салатын әндер емес. Өресі бар есті әндер, мән-мағынасы бар, халыққа рухани мұра болып қалатын дүниелерді жасап жатқан жайымыз бар, - дейді ол.

Енді Әйгерім Қалаубаева екеуі басқа өнер адамдарымен ән айтпайтынын атап өтті. Бүгінгі күнге дейін 3 ән жазылғанын және алдағы уақытта альбом жарыққа шығатынын айтты.

Енді осы жоба басталғалы ол тек менімен, мен онымен ғана дуэт айтатын боламыз. Сондай шешімге келдік. Бұған кәсіби түрде қарап жатырмыз. Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырамыз, - деді өнер иесі.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

19.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

Екеуінің де денсаулығы сыр беріп, арбаға таңылып қалған