Баян Алагөзова қызы Алисаның кімге ұқсайтынын көрсетті
Алиса - Баян Алагөзованың үшінші қызы.
Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова отбасылық суреттерімен оқырманын қуантуда, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл жолы бизнесвумен қызы Алисаның кімге ұқсайтынын айтты.
Алдымен 50 жастағы Баян күйеуі Тұрсен Алагөзов пен қызы Алисаның суретін салған.
Алиса әкесімен бірге, – деп жазды Instagram-Stories-те.
Сонан соң Алагөзова екінші қызы Айару Бақытбектің суретін жариялап, Алисаның осы әпкесіне ұқсайтынын алға тартты.
Қызым Айару. Айтпақшы, Алиса Айаруға қатты ұқсайды, – деді Баян.
Естеріңізде болса, 2024 жылғы 5 тамызда Баян Алагөзова үшінші рет ана атанғанын мәлімдеп, жұртты аң-таң етті. Оған Алиса деп ат қойған. Ал 19 тамызда продюсер төртінші қызы Алманың өмірге келгенін сүйіншілеп хабарлады.
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy