Мадина Сәдуақасова жас көрінуінің құпиясын ашты

Әншінің образы тыңдарманын тәнті етті.

Сабина Асқарқызы

  • 29.07.2024

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова өзінің жас көрінуінің құпиясын ашты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі продюсер, актер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевты 45 жасқа толған туған күнімен құттықтап, көпшілікті сұлулығымен тамсандырды.

Нұрлан Қоянбаевтың кешіне әнші ақ көйлекпен барған. 44 жастағы әнші өзіне айтылған сынға да жеңіл қарайтынын, тіпті оны әзілге айналдыра алатынын көрсетті.

Мадина Сәдуақасова желіде кеңінен тарап кеткен сөздерді қайталады.

Бәрі менен 25 жасқа ұқсайтынымды айтады. Ешкім 33-те екеніме сенбейді. Себебі мен әншімін, әдемі көйлектер киіп еркелеп жүремін. Бір бала ғана туғанмын, енеммен тұрмаймын, тамақ пісірмеймін, үйдің тірлігін істемеймін. Ешкіммен қырылыспаймын, проблемам жоқ, ұйқым қанық, ешкімге есеп бермеймін, өзімді күтемін, дамимын. Гастрольдетіп әр қалаға той-концертке шығамын, көп ақша табамын, барлық пабликте, жаңалықтарда жүремін. Құрдасым Нұрлан Қоянбаев 45-ке толғанда, бәрінің көзін қыздырып, ақ көйлек киіп, жарқырап туған күніне бардым, - деді әнші.

Өнер иесінің оқырманы да оған мақтау сөздерді жаудырған.

«Ең әдемі», «Ерекше сұлусыз», «Эстрадада Мадина сияқты сұлулар жоқтың қасы ғой», «Бұл сөздердің нағыз иесі табылыпты», - деп жазған.

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген