«Ол қол көтеретін жігіт емес»: Say Mo бұрынғы күйеуі Шакентидің видеосынан соң мәлімдеме жасады

Әнші қыз ажырасқанда талай айыптаулар естігенін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 04.04.2025

Сүйіктісіне қол көтерді деген айып тағылған актер Шәріп Серіктің әрекеттері туралы оның бұрынғы әйелі, танымал әнші Say Mo да айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шакентидің» Say Mo-дан кейін қосылған жары Әлия Бутеева актердің лифтіде шабуылдаған видеосын жариялаған еді. Осыдан соң Say Mo да үнсіз қалмады.

Шынымды айтсам, таңғалмаймын. Ол жігіттен бес жыл бұрын талай қорлық көрдім. Әлі күнге дейін терапияда жүрмін. Мен де сол кезде қолымда дәлел болмаған соң тақырыпты қозғауға қорықтым. Себебі оның анасы – адвокат. Одан кейін бәрі мені кінәлады. Тіпті кейбір таныстарым менен теріс айналды. Әлі есімде, Алматыдағы «Вавилон» тұрғын үй кешенінің алдында қол көтерді. Бірақ мен тұрғын үй кешенінің әкімшілігінен бейнежазбаны ала алмадым. Сол түні әрі қарай не болғанын айтып бастасам, қорқынышқа толы әңгіме болады, деп жазды әнші. 

Say Mo көпшілік күйеуін емес, өзін айыптағанын алға тартты.

Екеуміз екі жаққа кетіп жатқанда, «ол қол көтеретін жігіт емес, қыздың өзі көзіне шөп салған» деп мені қаралады. Соңында не болғанын бәріміз көрдік. Қыздар, бірдеңені анық түсінуіміз керек: абьюзер адам ешқашан өзінен кінә іздемейді. Өздерін керемет адам деп есептейді. Одан кейін аналары да олар үшін ең керемет жан, деп жазды өнер иесі. 

 

Фото: Instagram/shakentii

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

22.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

Ол мұны ғалымдар зерттеген деп отыр.

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.