Қазақстандық танымал актер сүйіктісіне қол көтерді деп айыпталды

Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты видео мен фотолар жарияланған.

Сабина Асқарқызы

  • 04.04.2025

Көпшілікке «Шакенти» лақап атымен танылған қазақстандық актер әрі блогер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айыпталып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткен жариялаған бейнежазбада ер адам бір нысанның ішінде жалаңаяқ оның соңынан жүгіріп келіп қолынан ұстап, лифтіден күштеп шығарып жатқаны анық көрінеді. Сондай-ақ әйел бетінде соққы іздері іздері бар суреттерін жариялап, болған оқиға жайлы айтып берді. 

Тіпті ең қорқынышты түсімде де сүйген адамымның маған қол көтеретінін елестетпеген едім. Бірақ бұл шындыққа айналды, деп жазды ол.  

Бойжеткенді көптеген өнер иесі де қолдаған. Олардың арасында актердің бұрынғы әйелі, рэп орындаушысы Say Mo да бар.

Аталған жағдай бойынша полиция өкілдері бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.  

Шәріп Серік - танымал актер, блогер әрі вайнер. Ол әлеуметтік желілерде ерекше контент жасаумен танымал болып, қалың көрерменнің көңілінен шығып жүрген өнер иесі. Өзінің әзіл-сықақ видеоларымен кеңінен танылған «Шакенти» соңғы жылдары кино саласында да өзін көрсетіп жүр. Дегенмен белгілі өнер иесі оқиғаға байланысты әзірге актёрдің өзі түсініктеме берген жоқ.

Фото: Instagram/shakentii

 

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

22.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

Ол мұны ғалымдар зерттеген деп отыр.

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.