Қайрат Нұртас қамауға алынды

Ол ұшақ бортында төбелес шығарған

Malim Админ

  • 05.07.2024

Қайрат Нұртас ұшақ бортында шу шығарып, қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тараған. Артынша Көліктегі полиция департаменті де ресми мәлімдеме жасап, ақпаратты растады.

Дереккөздерге қарағанда, Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшып, бортта жанжал шығарған. Төбелес салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алған. 

Оқиғаға байланысты әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары екеуін де бөлімшеге жеткізіп, Қайраттың үстінен екі бірдей әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырған. Бірі, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, екіншісі ұсақ бұзақылық.

Көліктегі полиция департаментінің мәлімдеуінше, «бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық» (бұрын әншіге сахнада балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынған) және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалған.

Айта кетейік, бұл бапқа сәйкес, оған айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

27.03.2025

Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

24.03.2025

«Куәсіздер». Гүлзира Айдарбекова жұрт білмейтін құпияны ашты

20.03.2025

Тағы бір ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты

18.03.2025

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

17.03.2025

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды

15.03.2025
MalimBlocks
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды

Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды,

«Куәсіздер». Гүлзира Айдарбекова жұрт білмейтін құпияны ашты

Ол танымалдылықтың қажеттігі туралы айтты.

Тағы бір ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты

Ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, бесеуі аман қалды. Оның себебі анықталып жатыр

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлттық нақышта киінген видеосын жариялады.

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды