Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қуандық Шәкіржанов комедия жанрындағы фильмдердің жақсы жағын айтты

Шоу-бизнес
Қуандық Шәкіржанов комедия жанрындағы фильмдердің жақсы жағын айтты

Актер Қуандық Шәкіржанов комедияның көбейіп кетуіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Қуандық Шәкіржанов «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында қазақ тіліндегі фильмдердің жетістікке жетіп жатқанын атап өтті.

Кезінде әншілер көбейіп кетті деп айтқан едім. Содан кейін бір әнші көбейе берсін, уақыт өзі іріктейді, қалатыны қалып, еңбекқоры мен сапасы бары танымал бола береді. Сол сияқты қазір қуануымыз керек. Отандық кинолар қатты дамып келеді. Бұдан бес-ақ жыл бұрын киноның бәрі орысша болатын. 20 пайызы ғана қазақша болатын. Соның өзінде кино сценарийлері орысша жазылатын. Ал қазір қарасаңыз 90 пайызы – қазақ тілінде. Қазір жақсы фильмдер миллиард ақша жинап жатыр. Қазақ тіліне көп үлесін қосып жатыр. Кино – нағыз тәрбие құралы, - деді актер.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу