freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Менсіз Израиль қазір болмас еді

Әлем
Трамп: Менсіз Израиль қазір болмас еді
Фото: The White House

АҚШ Президенті Дональд Трамп егер өзі болмағанда, қазір Израиль мемлекетінің болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Америка президенті Ақ үйде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Егер мен мұнда болмасам, егер мен президент болмасам, Израиль болмас еді және, мүмкін, Таяу Шығыс та болмас еді. Иран кенеттен бүкіл Таяу Шығыс бойынша жан-жаққа оқ жаудыра бастағанда, сіздер мұны көріп едіңіздер. Егер Иранда ядролық қару болғанда, оны міндетті түрде қолданар еді. Мүмкін, Таяу Шығыс біз бүгін білетіндей қалыпта болмас еді, бірақ, меніңше, ол жерде Израильдің болмайтыны анық еді», — деді Трамп.

Трамп өзі АҚШ президенті болмағанда, Израильдің де болмайтынын бірінші рет айтып отырған жоқ. Осыған ұқсас мәлімдемені ол маусым айының басында да жасаған болатын.

Ол өз пікірін АҚШ-тың Иранға қарсы бағытталған іс-әрекеттерімен негіздеді. Оның айтуынша, бұл қадамдар Ислам Республикасына Израильге қарсы толық ауқымды агрессия бастауға мүмкіндік бермеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу