Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласы маңында орман өрті шамамен 19 мың гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұл — Париж қаласының аумағынан да үлкен. Тілсіз жау салдарынан 100-ге жуық ғимарат жанып кеткен.
Франция премьер-министрі Себастьян Лекорню өрттің «бұрын-соңды болмаған ауқымға» жеткенін мәлімдеді. Осыған байланысты өрт сөндірушілерге көмектесетін әскери қызметкерлер саны 500-ден 1000 адамға дейін көбейтіледі. Сонымен қатар, 20 тоннаға дейін өрт сөндіретін сұйықтық тастай алатын арнайы жүйемен жабдықталған әскери A400M ұшағы жұмылдырылады.
Билік тұрғындарды түтіннен қорғау үшін Жиронда департаментіне 1,5 миллион FFP2 респираторын жібермек.
Орман өрттерімен күрес Францияның Вар департаменті мен Корсика аралында да жалғасып жатыр. Осындай жағдай көрші Испанияда да тіркеліп, 24 шілдедегі мәлімет бойынша Мадрид өңірінде 20 мыңнан астам адам эвакуацияланған.