freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-кодтарды жапсырған ер адам ұсталды

Қоғам
Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-кодтарды жапсырған ер адам ұсталды
Фото: видеодан скрин

Алматының Түрксіб ауданында полицейлер есірткі сататын интернет-ресурсқа апаратын QR-кодтары бар жапсырмаларды таратып жүрген 25 жастағы Талғар ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Күдікті жапсырмаларды учаскелік полиция инспекторы қызметтік аумақты аралау кезінде байқап қалған. Жедел іздестіру шаралары барысында ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды. Оның жанынан қалаға жапсыруға дайындалған ондаған типографиялық жапсырма тәркіленді.

Полицияның мәліметінше, күдікті еш жерде жұмыс істемеген және есірткіге тәуелді болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.

Алматы қалалық полиция департаменті тұрғындарды мұндай жапсырмаларды байқаса, 102 нөміріне хабарлауға немесе оларды алып тастауға шақырды. Өйткені жойылған әрбір QR-код есірткінің таралуына тосқауыл қоюға көмектеседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу