«Құдай сақтап қалған екен». Асхат Садырбайдың экс-жұбайы не себепті ел алдына шыққанын түсіндірді
Ол қорлық көргенін алға тартты.
Қазақстандық танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың экс-жұбайы ел алдына шығып, не үшін жан сырын ақтарғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін де Айғаным Болатқызы экс-күйеуі Асхат Садырбайдан қорлық көргенін айтқан. Алайда журналистің өзі мұны «Шындыққа жанаспайды» деп қысқа қайырды.
Мен – Айғаным Болатқызы, Асхат Садырбайдың бұрынғы және екінші әйелімін. Баламның әкесімен бірге тұрғанда қорлық көргенім рас. Әлі де ол менің мазамды алып, балаға таласып, сотқа сүйреп жүр. Сіздер білер-білмес басымнан қаншама сот өтті. Бала сотынан бөлек қаншама соттар болды. Мен сұхбат беруге мәжбүр болдым. Сұхбат беріп едім, оны өшірткізіп тастады. Өзі де сол саланың маманы. Айтпағым, Асхат өзі секілді адамдардың өмірін талқылап, таңғалып рөл ойнап отыр, – деді Айғаным.
Одан кейін экс-жолдасының бірге тұрғандағы ұнамсыз іс-әрекеттерін де айтып, елден көмек сұрады.
Салтанаттың (Нүкенова – Бишімбаевтің әйелі) жағдайынан кейін мен Асхаттан кеткеніме қатты қуандым. Бір құдай сақтап қалған екен. Менің ішімнің ашып, жанымның қатты ауыратыны – ол мені қорлады. Бүкіл өмірімді видеоға түсіріп, ар-намысымды қорлап, өмірімді тас-талқан етті. Сұхбатта айтылған деректердің барлығы тіркелген сотта. Мен ішімдегі осы бір шіріген дүниеден құтылғым келді. Менің осыншама өміріме салмақ түсірді. Денсаулығыма, көңіл күйіме қатты әсер етті. Басымнан сот арылмайтынынан, тыныштық бермейтінінен шаршап кеттім. Сіздерден көмек сұраймын. Асхат Садырбай маған тыныштық берсін, – деді журналистің экс-жұбайы.
Фото: tiktok.com/@todayinfokz
@todayinfokz #асхатсадырбай #әйелұру Журналист Асхат Садырбайдың екінші әйелі одан көрген қорлығын айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша, екеуі 5 жыл бұрын ажырасып кеткен, алайда экс-күйеуі әлі күнге дейін не өзіне, не әке-шешесіне, туыстарына маза бермей келеді. Айғаным Болатқызының сөзінше, екеуінің ортасында ортақ бала бар. Ал экс-күйеуі өздерін үйсіз далада қалдырып, ортақ пәтерді шешесінің атына жаздырған. Айтуынша ажырасқалы 5 жыл өтсе де, балаға талас бойынша сот әлі күнге дейін жалғасып келеді, деп хабарлайды Todayinfo. «Мен Айғаным Болатқызы, Асхат Садырбайдың бұрынғы және екінші әйелімін. Баламның әкесімен бірге тұрғанда қорлық көргенім рас. Әліде ол менің мазамды алып, балаға таласып, сотқа сүйреп жүр. Сіздер білер-білмес басымнан қаншама сот өтті. Бала сотынна бөлек қаншама соттар болды. Мен сұхбат беруге мәжбүр болдым. Сұхбат беріп едім, оны өшірткізіп тастағандары да рас сол саланың адамы болғандықтан. Айтпағым Асхат өзі секілді адамдардың өмірін талқылап, таңғалып рөл ойнап отыр. Салтанаттың (Нүкенова – Бишімбаевтің әйелі) жағдайынан кейін мен Асхаттан кеткеніме қатты қуандым. Бір құдай сақтап қалған екен. Менің ішімнің ашып, жанымның қатты ауыратыны – ол мені қорлады. Бүкіл өмірімді видеоға түсіріп, ар-намысымды қорлап, өмірімді тас-талқан етті. Сұхбатта айтылған деректердің барлығы тіркелген сотта. Мен ішімдегі осы бір шіріген дүниеден құтылғым келді. Менің осыншама өміріме салмақ түсірді, денсаулығыма, көңіл-күйіме қатты әсер етті. Басымнан сот арылмайтынынан, тыныштық бермейтінен шаршап кеттім. Сіздерден көмек сұраймын. Асхат Садырбай маған тыныштық берсін», -деді Айғаным Болатқызы. Айтуынша, экс-күйеуі өзін үнемі ұрып-соғып отырған. Тіптен көзінің ағып түсе жаздағанын да ашық айтты. Қансырап жатқанда ұялы телефонды тартып алып, екі күн не полиция, не дәрігер шақыруға мүмкіндік бермей анасы екеуі алдаусыратып, үйінде қамап ұстаған деді ол. Ал өзі жұмысқа кеткенде бөлмеге бейнекамера ортанып, әйелін бақылап отырған.
♬ original sound - Todayinfo.kz