Салық төлемеген атақты блогер 5 жылға сотталды

Бұдан бөлек, Елена Блиновскаяға 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды

Сабина Асқарқызы

  • 04.03.2025

Мәскеудің Савёловский соты блогер Елена Блиновскаяны салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды. «Тілек марафонының» негізін қалаушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды Malim.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Елена Блиновскаяға 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сот марафондар патшайымынан 587 миллион рубль өндіріп, оған 4 жылға дейін коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салды. Блиновскаяның мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сот айыптаудың бір эпизоды бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатты, себебі қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткен. Айыптау тарапы блогерге 6 жыл жаза сұраған болатын. Блиновская бизнесті бірнеше шағын компания мен жеке кәсіпкерлерге бөліп, жеңілдетілген салық жүйесі арқылы жұмыс істеген, бұл оған 900 миллион рубль көлемінде салықтан жалтаруға мүмкіндік берген.

Блиновская 2023 жылдың сәуірінде Беларусьпен шекарада ұсталды, ал 2024 жылдың қаңтарында тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындады.

Фото: globallookpress.com 

© Shatokhina Natalia

Байланысты жаналықтар

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

25.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

«Владимир, тоқта!»: Трамп Путинге үндеу жариялады

24.04.2025
MalimBlocks
"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

«Владимир, тоқта!»: Трамп Путинге үндеу жариялады