«Сіздер үшін ұялып тұрмын». Мақпал Жүнісова «МузАРТ» тобының әншілерін сынады

Өнер иесі ән жазатын студияның тозып кеткенін айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 23.01.2025

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова «МузАРТ» тобының ән жазатын студиясын сынға алды, деп жазды Malim.kz.

Өнер иесі Instagram-дағы стористе танымал топтың ән жазатын студиясы тозып кеткенін айтты.

Құрметті, «Музарттың» атақты жігіттері! Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Сәкен Майғазиев! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ, өте нашар студия. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін, әншілер келетін мына студияларыңызды да тездетіп жөндеңіздер. Атақтарың дардай, ұят емес пе?! Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Біз ән жазып кеттік, бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын, деді халық әртісі. 

Әнші кейін жазбасын өшіріп тастап, оның себебін түсіндірді.

Біраз адам балағаттап жазған соң алып тастадым. Өзім құрметтейтін бауырларым ғой. «Жаңа студияны күтеміз» деп жазғанда алмас едім. Олардың да дұшпандары баршылық екен, деді Жүнісова.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Байланысты жаналықтар

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

07.04.2025

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

31.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

06.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

03.03.2025
MalimBlocks
«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Ол ауылда мүлде жағдай жоқ екенін айтты.

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші әріптестерінің үйіне қонаққа барған.

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

Өнер иесі: Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

Өнер иесі көпшілікпен қуанышын бөлісті