Төрт ұлымның төрт үйір жылқысы бар – Тоқтар Серіков

Өнер иесі балаларының ауылға жақын болып өскенін қалайтынын атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 21.10.2024

Танымал әнші Тоқтар Серіков төрт ұлының тәрбиесіне қатты көңіл бөлетінін және оларға арнап төрт үйір жылқы бөліп бергенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

“Ауылға жиі барамыз. Шаруашылығым бар. Төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өз үйірінде қанша бас барынғ айғырларын жақсы біледі. Еншілеп, арнайы бөліп бердім. Оны дүние, байлық ретінде емес, иесі мен екенмін ғой, әкемнің бір ісіне жарайды екенмін ғой деген ойы болсын деп жасап қойғанмын. Асау үйрететін жасқа жетпеді. Бірақ басқасының бәрін біледі", – деді өнер иесі. 

Өнер иесі балаларының ауылға жиі барғанын, ауылға жақын болып өскенін қалағанын айтып берді.

“Ұлдарымның бір-бір иті бар, төбет те, тазы да. Енді бүркіт, қаршығаға қызығып жүр. Бірақ бұл жағы қиындау болып тұр. Оны баладай бағу керек. Оған менің уақытым жетпейді. Өзім тәрбиені ауылдан алдым, сондықтан елге жақын болсын деп жасап жатырмын", – деді әнші. 

Сондай-ақ Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуалиеваның да таңдап мінетін жылқысы бар екенін атап өтті.

Байланысты жаналықтар

«Қазақтың қыздарын қызғанамын»: Тоқтар Серіков қытайлықтарға тұрмысқа шығатын қыздарға шүйлікті

04.06.2024

Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

01.11.2020
MalimBlocks
«Қазақтың қыздарын қызғанамын»: Тоқтар Серіков қытайлықтарға тұрмысқа шығатын қыздарға шүйлікті

Әнші қазақ қыздары тек қазақ жігіттерімен отбасын құруы тиіс деп есептейді.

Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ