freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шілдеде теңгеге қатысты өзгеріс болады

Қоғам
Шілдеде теңгеге қатысты өзгеріс болады
Gov.kz

Қазақстанда Салық кодексіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Түзетулердің бірі ұлттық валютаның атауына қатысты. Құжат жобасына сәйкес, кодекс мәтініндегі «тенге» сөзі толықтай «теңге» сөзімен ауыстырылады, деп хабарлайды  Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеп. 

Құжатқа сәйкес, Салық кодексінің барлық баптарында қолданылып келген «тенге» атауы енді мемлекеттік тілдегі нұсқаға сәйкестендіріліп, «теңге» деп жазылады.

Сонымен қатар заң жобасында бірқатар терминологиялық және редакциялық түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда, құжатта мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге байланысты бірқатар норма жаңартылады. Мәселен, кей баптарда кездесетін «Парламент» сөзі «Құрылтай» ұғымымен ауыстырылмақ. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламенті» атауының орнына «Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Халық Кеңесі» деген жаңа редакция енгізіледі.

Заң жобасы аясында Конституциялық сотқа қатысты жекелеген нормаларды алып тастау және кейбір терминдерді қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру де ұсынылған.

Түзетулер жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Бұған дейін Конституция күшіне енгеннен кейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі ресми түрде жұмысын бастауы тиіс екені хабарланған болатын.

Заң жобасына сәйкес, Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер де 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енбек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу