Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар сотталды

Құқық
Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар сотталды

Екі қазақстандық Сириядағы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін сотталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды. 

"Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.

Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)", - деліген хабарламада.

Екеуіне де әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

Фото: ЖИ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу