66,4% қазақстандық референдумға қатысам дейді

  • 17.05.2022

76,4% қазақстандықтар референдум өткізуді қолдайды, 15,4% қарсы. Бұл туралы Қазақстандықтардың ұл туралы «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді.

«Ата заңға өзгерістер енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дейін аз уақыт қалды. Конституциялық реформаның маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болып саналады. Президент мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелердің барлығы Қазақстан азаматтарының пікірін есепке ала отырып қана қабылданатындығын айтты. Сол сәт жақындап келеді. Үш аптадан соң – 5 маусым күні 27 жылда алғаш рет жалпыұлттық референдум өтеді, - деді институт директоры.

Осы орайда спикер барша қауым, соның ішінде сарапшылар үшін заңға түзетулер, референдум туралы қоғамның не ойлайтынын ескеру маңызды деп отыр.

«Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың Конституциялық реформа мен референдумға қатысты пікірлерін білді. Аталған зерттеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 1200 респондент қатысты. Әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сүйенсек, бүкіл халықтың 66,4%-ы қатысуға ниетті. Заңнамаға сәйкес, референдум сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі. ҚСЗИ өткізген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың 76,4%-ы Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтынын көрсетті. Небәрі 15,4%-ы референдум идеясын қолдамайды, - деді Еркін Тұқымов.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін