Аймағамбетовтің оқушылары полицияға ғана керек пе?

Кеше 25 мамыр «Соңғы қоңыраудан» кейін еліміздің бірнеше аймағында мектеп түлектерінің кесірінен жол апаттары болды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 26.05.2022

Биыл ел бойынша 170 мыңнан астам түлек мектептегі алаңсыз өмірмен қоштасты. Алайда олардың кейбірі 25 мамырдағы мерекені естен кетпестей етіп өткізді.

Ақтау мен Жаңаөзенде түлектер көлікпен жарысып, облыстағы негізігі трассаларда көлік терезелерінен бастарын шығарып, Қазақстан туы мен бітіруші түлек ленталарын желбіреткен. Осыған ұқсас тәртіпсіздіктер Шымкент қаласы мен Түркістан облысында да орын алған. Олардың барлығына полиция арнайы жаза қолданатыны белгілі болды.

Ал Таразда оқушы өзіне тиесілі емес Lexus көлігін аударып, су каналына түсіп кеткен. Оқушы ата-анасымен қоса, жауапқа тартылып, 63 600 теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек болады.

Ең сорақы жағдай Маңғыстау облысы Сай-Өтес ауылы маңында болды. Онда жеті бірдей мектеп түлегі жол апатына түсіп, екеуі ауыр жағдайда Маңғыстау аудандық ауруханасына жеткізілген. Бесеуі жеңіл жарақат алған, олар да қазір ауруханада тексеріліп жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Аталған фактілердің барлығына қатысты тек полиция департаменттері ғана жұмыс істеп жатқан секілді. Себебі өңірлердегі білім басқармалары да, министрлік те мектепті жаңа бітірген оқушылардың әрекеттеріне қатысты әлеуметтік желілерде де, ресми сайта да пікір білдірген жоқ. Бәлкім түлектерінің 25 мамырдан кейінгі өміріне жауап бермейміз деп шешкен болар.

Байланысты жаналықтар

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025
MalimBlocks
Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?