Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

Malim Админ

  • 30.04.2021

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде І-топ мүгедектер мен олардың жеке көмекшілері бүгін аудан әкімдігінің алдына жиналды. Айтуларынша алдағы айдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне көмектесіп жүрген жандардың онсыз да аз жалақылары тағы қысқармақ екен. Мұндай шешімге  Жаңақорған әкімдігіндегілер кезекті тексеруден кейін келіпті. Кейбір жеке көмекшілердің басқа да қосымша жұмыстары бар екендігіне көз жеткізген олар тиесілі 8 сағат емес 4 сағатқа төлесек депті. Тіптен "жыл басынан бері төленген 3 айдың ақшасын қайтарындар" деп жеке көмекшілерге мінез көрсетіпті.

І-топ мүгедектердің көмекшілерінің жалақысын қысқартуға орай жергілікті әкімдік өкілдері жиналыс өткізуді жоспарлаған екен.  Алайда,бұқаралық ақпарат құралдары келетінін естіген әкім қаралар жиынның тақырыбын өзгертіп жіберіпті.

«Біз жағдайымызды айтып республикалық БАҚ-ға хабарластық. Сіздердің келулеріңізді сұрадық. Кеше кешкісін бұл жағдайды естігеннен кейін аудандық акимат басшылығы бірден бұл жиналысты шегеріп, жиналыстың басты мақсатын өзгертіп жіберген. Ол мақсаты біздің аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілеріне вакцина салдыру міндетті деп соны айту үшін ғана шақырдық дейді», - деп пікірін білдірі жаңақорғандықты І-топ мүгедек Ерсін ӘШІРБАЙҰЛЫ.

Төребек ИСМАИЛОВ соңғы үш жылдан бері көзі нашар көретін жұбайының жеке көмекшісі болып тіркелген. Азаннан кешке дейін зағип әйеліне қараса, кешкісін мемлекеттік мекемеде қарауыл болып жұмыс жасайды екен. Үш күн бұрын әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер жеке көмекшіні өздеріне шақыртып, жыл басынан бері алған жалақсын қайтаруды талап етіпті. Отағасы ақша қайта сұрауы қаншалықты заңды екенін білмек болып еңбек министрлігіне дейін жазыпты.

«Сіз күндізгі уақытта үйде келіншегіңіздің қасында болсаңыз, түнгі уақытта жұмыс істеуге қақылысыз деп жауап берді. Сонда министрдің жауабына райсобез қарсы тұра алады ма? Райсобез кім? олар бірінші дұрыс сөйлеуді үйренсін бізге», - деп ашынады Төребек ИСМАИЛОВ.

«Аудан басшыларынан сұрайтыным мына қасиетті Рамазан айында  мүгедек жандарға тиіспей-ақ қойсыншы. Ол кісілердің ақшасын бөліспей-ақ та қойсын. Олар қайта жандандырып көмек берсін», - дейді І-топ мүгедегінің жеке көмекшісі Нағима АХМЕТОВА.

Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жеке көмекшілерден 3 айдың ақшасын қайта сұрағандарын растады. Жаңақорған ауданында барлығы 3-мыңға жуық мүгедектер болса, оның 162 тұрақты жеке көмекші қажет екен. Жылдың басынан бастап неге қаржыны қайта сұрамағансыздар дегенімзде бөлім басшысы уақыт болмағандығын сөз етті.

«Өздеріңіз білесіздер барлығы ноухау басталады қаңтар айында, сонымен бізде портал «социальных услуг» деген биылғы жылдың ноухауы соған көшіп, барлық 162 адамды отырғызу, енгізудің өзі бізге оңай болған жоқ. Сонымен қаңтар, ақпан айы бізде сондай ажиотажный ай болады да біз ешқандай не не қыла алмаймыз», - дейді Жаңақорған ауданы Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

Жиналғандар аудан әкімі Руслан РҮСТЕМОВ бастаған шенеуніктер неге бізбен кездеспейді.Ауру адамдарды қарап отырған бізді шақырып, өздері жоқ дейді.

Мүгедектер мен жеке көмекшілерді аудан әкімдігінде де қабылдайтын бір шенді табылмады. Барлығы бір ауыздан облыс орталығына кетіпті. Жарым жандар ақ жағалылар көмекшілеріміздің тиын-тебенін есептемей, керісінше мүгедектерге жағдай жасаса деп тілейді. Себебі аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс жасайтын не монша, не қарапайым шашатараз жоқ екен.

Оңғар САЙМОСАЕВ

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында аудан мен ауыл әкімдерінің сайлауы бір күнде өтпек

21.08.2024

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

08.08.2024

Қызылорда облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген

22.07.2024

Антикор биыл әкімдік қызметкерлері 203 қылмыс жасағанын айтты

16.07.2024

Қызылорда облысында шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген

16.07.2024

Сырбойылықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді үлес қосып жатыр

17.06.2024
MalimBlocks
Қызылорда облысында аудан мен ауыл әкімдерінің сайлауы бір күнде өтпек

Осы жылдың 7 айында 2 кент және 21 ауылдық округ әкімі жаңадан сайланды.

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Қызылорда облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген

21 жастағы келіншектің денесі үйінен табылды.

Антикор биыл әкімдік қызметкерлері 203 қылмыс жасағанын айтты

Оған әкімдіктердің 144 қызметкерінің қатысы бар.

Қызылорда облысында шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген

Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді.

Сырбойылықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді үлес қосып жатыр

Акция аясында саябақтар, скверлер мен аллеялар аумақтарын абаттандыру,  қоқыстардан тазарту, ағаш отырғызу сынды жұмыстар белсенді жүргізілді.