Әкімдер Украинаны қолдайтын митингілерден неге қорқады?

Астана мен Алматы әкімдіктері белсенділерге Украинаны қолдайтын митингілер өткізуге тағы да тыйым салды,- деп хабарлайды #NotExtremists telegram арнасында.

Malim Админ

  • 17.07.2023

Белсенділер іс-шараны тамыз айының барлық демалыс күндері өткізгісі келген, бірақ әкімшілік рұқсат бермеген. Мереке Нұғманов митинг өткізу туралы хабарламаны Астана әкімдігіне тапсырғанымен билік іс-шараны өткізуге рұқсат бермеген. Себебін «ақпарат толық емес» деп көрсеткен. Бірақ хабарламада нақты ненің «толық емес» екенін жазбаған.

Ал Алматының әкімдігіне Бибігүл Иманғалиева мен Әсет Әбішев хабарлама берген. Екеуінің де хабарламасына «осы тақырыпта бейбіт жиын өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қатер төнген» деген себеппен өткізуге тыйым салған. Шараны өткізуден бас тартқан екі құжатқа да Алматы әкімі Ерболат Досаев қол қойыпты.

Бұған дейін белсенділер шілде айының басында Ресейдің Украинаға басып кіруіне 500 күн толғанына байланысты соғысқа қарсы шерулер өткізгісі келген. Бірақ Астана, Алматы, Орал, Көкшетау, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай қалаларының әкімдіктері бір ауыздан акция өткізуден бас тартты.

Кейінен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек журналистерге берген жауабында орынбасарының мұндай митингіден бас тартқанынан бейхабар екенін айтып ақталды.

Жалпы, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы Қазақстан белсенділеріне Украинаны қолдау мақсатында соғысқа қарсы акциялар өткізу үшін әкімдік 107 рет рұқсат бермеген.

Жалпы, билік осы жылы 132 рет түрлі тақырыпта бейбіт шеру мен жалғыз пикет өткізуді қабылдамаған.

Фото ғаламтордан алынды

Байланысты жаналықтар

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

06.08.2024

Алматыда бейбіт митинг өтетін орындар өзгермек

11.07.2024

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

27.06.2024

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

18.05.2024

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

16.05.2024
MalimBlocks
Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.

Алматыда бейбіт митинг өтетін орындар өзгермек

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

1976 жылдан бері істеп келе жатқан «Жалғызтөбе» кен орнында 60-қа жуық мұнайшы жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

Жұрт шетелдіктерді қатаң жазалауды талап етті

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.