Алматыда ер адам екі азаматқа оқ атып, ауыр жаралады
Алматы қаласы Медеу ауданында болған оқиға кезінде екі азамат жараланған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 9 мамыр күні Трофимов көшесінде орын алған. Жергілікті тұрғын травматикалық қарудан оқ атқан. Жарақат алғандардың бірі ауыр хәлде, комада жатыр.
Полиция іске байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 тармағы бойынша іс қозғаған. Күдікті азамат ұсталған.
«Күдікті 1983 жылғы азамат тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Белгілі болғандай У. есімді азамат өз таныстарымен сөзге келіп қалғаннан кейін 1973 жылғы екі азаматқа: Б. және Г. есімді оқ атқан. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Тергеу тобы құрылды», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Боранбаевты қолдаушылар қатарына Паралимпиада комитеті мен Қайрат футбол клубы қосылды
Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитеті мен алматылық Қайрат футбол клубының ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, экс-президенттің экс-құдасы, миллиардер Қайрат Боранбаевтың тергеу ісін ашық әрі әділ өткізуді сұрады.