Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 720 мың теңгеден асты

Алматы қаласының тұрғын үй нарығы елдегі бәсеке қызып тұрған нарық. Krisha.kz деректері бойынша оңтүстік астанадағы үйлер басқа өңірлермен салыстырғанда қымбаттырақ.

Malim Админ

  • 31.01.2024

2023 жылғы желтоқсанға қарай тұрғын үй алаңының шаршы метрінің орташа бағасы 720 мың теңгеден асты және бір жылда 3,2%-ға, ал 2021 жылғы желтоқсаннан бастап – 20 пайыздан жоғары өсті. Сонымен қатар, қала тұрғындары жаңа көпқабатты тұрғын үй кешендерінен гөрі, аз қабатты ғимараттарды таңдайды.

Тұрғын үйге бағаның ұдайы өсуі және қымбат болуын ескерсек, қауіпсіз әрі жайлы үй іздеген адамдар азқабатты үйге қарай таңдау жасауы ықтимал деп санайды сарапшылар. Бұған экология мен логистиканы қосатын болсақ, онда таңдау тізімі анағұрлым таза аудандарда орналасқан жеке тұрғын үйге қарай ауады.

 Нарықта мұндай ұсыныстар өсіп келеді. Алайда баға және сапа қатынасында жеке үйдің жақсы нұсқасын таңдау өте маңызды.

 Ең бірінші назар аударатын аспект – үйдің орналасқан ауданы. Ауданының ауасы таза ма, қоғамдық көлік торабы қолжетімді ме, зерделеңіз. Екінші – инфрақұрылымы жолға қойылған ба? Барлық талапқа сәйкес келетін ықшам аудандардың бірі Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан Бағанашыл ықшам ауданы атауға болады.

 Осы локацияда заманауи, тұруға қолайлы Baganashil Hills коттедж қалашығы салынып жатыр. Осы кешен мысалында қалада азқабатты құрылыс нарығының қалай өзгергенін және құрылыс салушылардың тұрғын қажеттіліктеріне қалай бейімделгенін көруге болады.

 Көліктің қолжетімділік, сапалы құрылыс материалдар, бірегей сыртқы сәулет және табиғи ландшафт үйіңізді өз қалауыңызға қарай бейімдеп алуға мүмкіндік береді. Бұған қоса тағы бір артқышылығы – әлеуметтік инфрақұрылымы да дамыған.

 Қазіргі кезде құрылыс салушылар тұрғын үйді жобалау кезінде клиенттердің сұранысына қарай бейімделіп жатыр. Мысал ретінде Baganashil Hills кешенін айтуға болады. Кешен құрылысы үйлерді қауіпсіз тұрғызу мүмкіндігін зерттеуден басталды.  Содан кейін барлық рұқсат құжат алынды. Коттедж қалашығы сатып алушыларға үй бөлмелерін еркін бөліп алу мүмкіндігі, жеке жер учаскелері мен дамыған аудан инфрақұрылымы бар коттедждерді таңдауды ұсынады. Кешенге жақын жерде мектептер мен ірі сауда орталықтары орналасқан.

Сондай-ақ, жоба спорт залы, бассейн, кофехана және супермаркеті бар қоғамдық кеңістікті ұсынады. Бұл артықшылықтар тұрғындардың өмірін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар кешенде тәулік бойғы бейнебақылау және бірнеше балалар мен спорт алаңы да қарастырылған.

Тағы бір аса маңызды аспект – құрылыс салушы үйді сейсмикалық төзімділігіне сынақты міндетті түрде жүргізеді. Былтыр Түркияда болған жойқын зілзала ғимараттардың мықтылығын тексеру мәселесін өзектендіре түсті. Ол үшін құрылыс компаниясы жасанды жер сілкінсін түзіп, үй берктігін сынайтын арнайы компанияларды тартқан. Сынақ нәтижесі бойынша Baganashil Hills кешені 9-балдық магнитудаға төтеп берген.   Сынақ сәтті өткені жайында қорытынды  ҚазҚСҒЗИ-да дайындалып жатыр. 

Тұрғын үй нарығында бәсеке жоғары. Құрылыс компаниялары клиенттердің назарын аудару үшін жобаларын барынша тартымды етуге тырысады. Бұл бәсекеге Everest Development белсенді қатысып, алматылықтарға көліктік қолжетімділігі жоғары, дамыған ішкі инфрақұрылымы және тау етегінде орналасқан, табиғи апаттарға төзімділігі бар  коттедж қалашығын ұсынады. Алматы нарығында көптеген ұсыныс болса да, өзіңізге және жақындарыңызға жайлы және қауіпсіз өмірді  қамтамасыз ету үшін тұрғын үй таңдауға жауапкершілікпен қарау керек.

Фото: Алихан Сариев

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

14.11.2024

Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

12.11.2024

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024
MalimBlocks
Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Бір жылда үй бағасы 3,9%-ға қымбаттады

Жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты