«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 4 500 бала өмірге келді  

Malim Админ

  • 06.07.2023

Нәресте сүюді аңсап жүрген жандарға бағытталған «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру 2021 жылдан басталды.   Бұл  бағдарлама шын мәнінде еліміздің демографиялық өсімін  жақсартып, азаматтардың  балалы болу мүмкіндігін еселеді.  Соның аясында ұрықтандыру үшін бөлінетін квота саны  бірнеше есе  артты. 

Қазіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы  бұл жұмысты өңірлердегі  19 клиника іске асыруда.  Оның  3-і мемлекеттік саната, 16-сы  жеке меншік саналады. Денсаулық сақтау министрлігі  әр ай сайын   бағдарламалардың орындалу барысына  мониторинг жүргізіп келеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосылғаннан бастап, жасанды ұрықтандыру  19 000-нан астам әйел адамға жүргізілді. Бір қуаныштысы,  жеті мыңнан  аса  әйел жүкті болды.  3 800 шаңырақта   4 500-ден аса  бала өмірге келген.  Ал қазір  2 500   әйел дүниеге бала әкелу сәтін күтіп отыр.   Биыл да  өңірлерге    7 000 квота бөлінгені хабарланды. 

«Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары кешенді. Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан мәліметіне сүйенсек,  ұзақмерзімді бағдарлама ана мен балаға  бағытталған тұжырымдама мен  Ұлт саулығын дамытуға арналған  ұлттық жоба бойынша жемісін беріп келеді. МӘМС жүйесі аясында «Аңсаған сәби» 2030 жылға дейін отбасыларға бала сүю бақытын сыйламақ.   ЭКҰ қолданушыларды  барынша көп қамтуға жол ашады.

Еліміз қосалқы репродуктивті технологияларды пайдаланып, бедеулікті емдеу бойынша  алдыңғы лекте тұр. Қазақстан бұл жөнінен  эмбриология, гинекология, перинатология, генетика, андрология  саласындағы озық әрі соңғы  технологияларды қолданысқа енгізуде.Мамандар осылайша бедеулік дертінің алдын алуға болатынын,  сондықтан көп қаражат жұмсамай емдеуді қарастырып келеді.

Денсаулық сақтау  министрлігінің алға қойған басты    міндеті – жастар мен жасөспірімдерге  профилактика  жүргізу.  Осы тұста  жыныстық сауаттылықты арттыратын бағдарламаны жетілдіру жіті  назарда.  Жыныстық жолдармен тарайтын  инфекцияны емдеу,  қиын жағдайға әкеліп соғатын  жасанды түсіктердің алдын алу ведомствоның алдында тұрған ауқымды жұмыс.  Алдағы уақытта да «Аңсаған сәби» бірқатар отбасына нәресте сүю мүмкіндігін сыйлайды.

Айта кету керек, елімізде экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы осыдан 13 жыл бұрын   басталған.    Оны медициналық жәрдемнің кепілдендірілген мөлшеріне қосты. Алайда, квота  саны өте аз болған еді. Бүгінгі уақытта  Қазақстанда  30-ға жуық  ЭКО орталық қызмет атқарады.  

 

     

Байланысты жаналықтар

Бас дәрігер: «Қан қысымы, қант диабеті, остеохондроз аурулары белең алып тұр»  

20.04.2023

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

23.01.2023

Медициналық сақтандыру қорына шағым көп

12.04.2022

Көшеде ұстап қала ма деген үреймен өмір сүру - эпилептиктің әңгімесі

08.04.2022

Біртанов бастамасы. Дәріханалар заңнан неге қорықпайды?

23.11.2021

Никотинге әртүрлі жолмен байлану

23.03.2020
MalimBlocks
Бас дәрігер: «Қан қысымы, қант диабеті, остеохондроз аурулары белең алып тұр»  

Емделушілер  арасында статистикалық бақылау жүргізіледі

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

Ол сот отырысына  қатыса алмайды

Медициналық сақтандыру қорына шағым көп

Шағымдар былтырғымен салыстырғанда шамамен 2 есеге артқан.

Көшеде ұстап қала ма деген үреймен өмір сүру - эпилептиктің әңгімесі

Біртанов бастамасы. Дәріханалар заңнан неге қорықпайды?

Никотинге әртүрлі жолмен байлану